2024 жылдың қыркүйегінде Орал қаласында “ZOODOCTOR” ветеринариялық орталығының ұйымдастыруымен “Батыс Қазақстан облысының ветеринариялық проблемаларын шешудің инновациялық әдістері” атты практикалық семинар өтті. Семинарға БҚИТУ-дың ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары мен магистранттары қатысты.
Семинарды “ZOODOCTOR” ветеринариялық орталығының басшысы Страмоусов Максим Анатольевич ашты, ол осындай семинарлар, конференциялар өткізудің өзектілігі туралы айтып, өңіріміздің ветеринариялық қызметінің проблемаларын қозғады.
Семинарда ветеринарияны цифрландыру, ветеринариялық бақылауды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мәселелеріне қатысты тақырып болды. Қатысушылардың баяндамаларында жануарлардың түрлі ауруларын емдеу үшін “Энростин”, “Амоксисан”, “Цефтиосан”, “Утероцен”, “Эпримек”, “Неомектин”, “Пиростоп” инновациялық ветеринариялық дәрілік препараттарын қолдануға ерекше назар аударылды.
Семинар соңында қатысушылар еркін өз пікірлерімен және әсерлерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Мұндай семинарлардың маңыздылығы тек тәжірибе алмасуда және бірыңғай стратегияны әзірлеуде ғана емес, сонымен қатар жаңа таныс пен байланыстарда, кездесулерде.