2024 жылдың 24 қыркүйек күні Салалық технологиялар институты Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастырумен институтымыздың барлық білім беретін бағдарламаның 1 курс студенттерімен қоғамдағы өзекті мәселе, діни ахуалдың алдын-алу мақсатында «Теріс ағымға жол жоқ!» тақырыбында рухани кездесу өткізілді. Аталмыш шараның модераторы Қ.Б. Қайыржанов шара қонағын студенттерге таныстырды. Батыс Қазақстан облысы дін-мәселелерін зерттеу орталығының басшысы, теолог маман Қабдоллин Мейрамбек Ержанұлы студенттерге теріс ағымның белгілерін айтып, теріс ағымның жетегіне кіріп кетпеуге шақырды. Кездесу барысында студенттер тарапынан сан-алуан сұрақтар қойылып, көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Кадыргалиев Нұрболат Мендигалиевич рухани мәдени шараның қонағына алғыс білдіріп, студенттерге оқуда озат, қоғамдық шараларда белсенді болуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.