2022 жылдың 11 қарашасында 6В04202 Құқықтану, 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты  көлікті пайдалануды құқықтық реттеу ББ білім алушыларына “Қорғауға құқығы бар күдікті және куәгер, олардың айырмашылықтары” тақырыбында тәжірибеге бағытталған сабақ өтті.  Сабақты БҚО ПД ТБ тергеушісі полиция подполковнигі Нұрлан Локбанұлы Кужахметов өткізді. Тәжірибеге бағытталған сабақ барысында Н.Л. Кужахметов қылмыстық процесте күдікті мен куәгердің орнын анықтады, олардың құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтарды атап өтті.

Куә, күдікті қорғауға құқылы. Бұл құқықты олар жеке өзі де, қорғаушының, заңды өкілінің көмегімен де ҚР ҚІЖК белгілеген тәртіппен жүзеге асыра алады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсіндіруге және оларға күдіктен, айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға міндетті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz