2022 жылдың 7-15 қараша аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Оқыту қызметтерін көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттық-ағарту» жобасы аясында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбы бойынша курс өтті. Курсты «Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша қоғам» қоғамдық бірлестігі және «Жаңа шабыт» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Курс соңында БҚИТУ-дің экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық қорғау қызметі, құқықтану білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы 19 студент сертификат иеленді.
