2020 жылдың 19 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде медицина ғылымдары кандидаты, экология және биотехнология кафедрасы доценті С.И. Иманкулмен Орал қалалық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы маманы Бектемирова МайрагульСисенгалиқызы «Ет және ет өнімдерін өндіру гигиенасы және санитариясы» тақырыбында студенттер үшін танымдық дәрісті жүргізу мақсатымен шақырылды. Сонымен қатар дәріске кафедра оқытушылары да қатысты.

Өндірістен келген маманмен дәрісті жүргізу кезінде ет өнеркәсібі кәсіпорындарында белгіленген санитарлық ережелерді орындау шарттары, ет өнеркәсібі кәсіпорынын ұстау мен пайдалану бойынша гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарды қадағалау, ет және ет өңдеуші өнеркәсіптерде ксәіпорындарда жуу және профилактикалық зарасыздандыру бойынша нұсқауларды орындау, аумақты,өндірістік орындарды, жабдықтарды, мүлікті, сала кәсіпорындары ыдыстарын және т.с. санитарлық өңдеу мәселелері қозғалды.

Кездесу барысында дәріс тақырыбы білім алушылар арасында шынайы қызығушылық пен талқылауды туғызды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz