2020 жылдың 20 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде «Ет және сүт мал шаруашылығындағы ірі қара малдың өнімділік қабілетін арттыру әдістері» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстары тыңдаушылары сертификаттарын табыстау жүргізілді.

Бұл курстар экология және биотехнология кафедрасымен ғылыми дайындамаларды коммерцияландыру шеңберінде ұйымдастырылды. Ветеринария ғылымдары докторы, кафедра профессоры Байтлесов Ербулат Опаұлы және биология ғылымдары докторы, доцент Канатбаев Серик Ганиұлымен дайындалған курс бағдарламасына ет және сүт малы сиырлары аналықтары жыныс органдары ерекшеліктерін зерттеуге, гармональдық препараттармен мал өсімталдығын арттыруға; ұрықтанудың және сиырлардағы буаздықты анықтаудың заманауи әдістерін қолдануға; бұқа ұрығын электростимуляция әдістерімен алу; мал тобырын жақсарту үшін ұрықтарды трансплантациялау әдістерін қолдану мәселелері енді.

Практикалық сабақтар «Шамшырақ» ӘШӨК базасында және биотехнология, ұрықтарды трансплантациялау және өзге ветеринарлық қызметтің басым бағыттары бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ғылыми-өндірістік кешен болып табылатын Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасы базасында өткізілді.

Тыңдаушылармен сабақтарды ұйымдастырудың жоғары деңгейі, оқытушылардың кәсіпқойлығы, ынтымақтастық, тілектестік және өзара түсіністікке негізделуі, сонымен қатар курстар практикалық мәні атап

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz