2025 жылғы 5 қараша күні университетте «Білім беру мүмкіндіктері мен академиялық өсудің жаңа көкжиектері» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Дәрісті Ресей Федерациясы, Саратов қаласындағы ФМБОУ ЖОО «Вавилов университеті» Инженерия және робототехника институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, доцент Бакиров Сергей Мударисович жүргізді.
Дәріс барысында білім берудің қазіргі заманғы даму бағыттары, цифрлық және инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізудің маңызы, сондай-ақ инженерлік және робототехникалық шешімдердің болашақ мамандарды даярлаудағы рөлі қарастырылды.
Спикер студенттердің кәсіби және академиялық өсу мүмкіндіктері туралы айтып, Вавилов университетінде жүзеге асырылып жатқан табысты ғылыми және білім беру жобаларына тоқталды.
Дәріс энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының студенттері мен оқытушылары тарапынан зор қызығушылық тудырды. Қатысушылар лектордың жоғары кәсіби деңгейін және мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтті. Бұл барлық қатысушыларға ұсынылған идеяларды терең түсініп, оларды жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді. Кездесу соңында білім алушылардың академиялық және кәсіби әлеуетін дамыту жолдары талқыланған пікірталас өтті.