2023 жылдың 28 ақпанында жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Көне дәстүр: күнгей мен көлеңкесі» тақырыпта қонақтық дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Батыс Қазақстанның белгілі тарихшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, М. Өтемісов атындағы БҚУ қауымдастырылған профессоры Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы” БҚИТУ білім беру бағдарламаларының “Мұнай-газ ісі”, “Электр энергетикасы”, “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер”, “Автоматтандыру және басқару”, “Стандарттау, сертификаттау”, “Техникалық машина жабдықтары”, “Тасымалдауды ұйымдастыру және пайдалану”, “Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау”, “Жерге орналастыру және кадастр” студенттеріне қонақ дәріс өткізді. Дәрісте қазақ отбасының дәстүріне, оның құндылық бағдарына баса назар аударылды. Өткен және қазіргі отбасылық құндылықтарға көптеген мысалдар келтірілген. Дәріс үлкен қызығушылықпен тыңдалды, студенттер көптеген сұрақтар қойды. Бұл дәріс студент жастар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.


