2023 жылдың 23 қарашасы күні БҚИТУ спорт залында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 25 жылдығына арналған шаралар аясында БҚИТУ «Барыс» спорт клубының ұйымдастыруымен волейболдан жоғары және арнаулы орта оқу орындары оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы аймақтық турнир өткізілді.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жоғары және арнаулы орта оқу орындары оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы ынмақтастықты арттыру, волейболдағы спорттық шеберлікті күшейту. 

Турнирдің ашылу салтанаты университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шакешев Бекболат Теміржанұлы құттықтау сөзімен басталды. Жарысқа қатысушыларды Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исанов Армат Амангелдіұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының спорт саласының құрметті қызметкері, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері Мельников Владимир Леонидович құттықтады.

Жарысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің  құрама командалары қатысты.

Турнир нәтижесінде жүлделі 1-орынды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің командасы, 2-орынды  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасы, 3-орынды Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрама командасы иеленді. Сонымен бірге, Аралбаев Алпысбай Сейітқалиұлы (Халел Досмұхамедов атындағы АУ) «Үздік ойыншы»,  Қуанов Руслан  (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) «Үздік шабуылшы»,  Жұмарыстанов Қуаныш Өмірбекұлы (БҚИТУ) «Үздік шабуылшы», Жұмағалиев Асхат Хамитұлы (М.Өтемісов атындағы БҚУ) «Турнир ардагері» аталымдарына ие болды. 

Жарысқа білім алушылар, оқытушылар, спорт сүйер көпшілік қауым қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.