Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел азаматтары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы, әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Баршаңызға, әр отбасына, тату ұжымымыздың әр мүшесіне бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Құрметпен,
Ректор Б.Т.Шакешев

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz