2023 жылы 26 сәуірде сағат 15.30-да БҚО ПД ҚБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Хакимов Ерлан Берикович 6В04202 Құқықтану және 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу Білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін «ООТ жүргізу тәртібі, соның ішінде ЖКО бойынша» тақырыбында дәріс өткізді.

Оқиға орнын тексеру тергеу әрекеттерінің ең күрделі түрлерінің бірі болып табылады және қылмыстарды тергеу үшін үлкен маңызға ие. Дәріскер ЖКО орнын, ЖКО сызбасын тексеруге егжей-тегжейлі тоқталды. Әрбір жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және жылдам зерттеу мәселесін шешудегі жетістік көбінесе оқиға орнын тексерудің қаншалықты дұрыс және уақтылы жүргізілгеніне байланысты. Дәріс сабағының соңында білім алушылар тақырып бойынша белсенді сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.