2023 жылдың 25 сәуірінде Мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі А. Н. Мукамбеткалиева 6В07201-“Мұнай-газ ісі” білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушыларына арналған “Жайықмұнай” ЖШС мұнай құю терминалындағы химия зертханасының пунктінде “Мұнай және газдан отын өндірудің арнайы технологиялары”пәні бойынша тәжірибеге бағдарланған сабақ өткізді.

“Жайықмұнай” ЖШС мұнай құю терминалы химия зертханасының инженері А. Т. Мухамбетьярованың қатысуымен тәжірибеге бағдарланған сабақ барысында келесі химиялық талдаулар жүргізілді:
– Меркаптандар мен құрамында күкірт бар қосылыстардың құрамын анықтау;
– Мұнайдың фракциялық құрамын анықтау;
– РН мөлшерін анықтау;
– Мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығын анықтау;
– Хлорорганикалық қосылыстардың құрамын анықтау.

Білім алушылар мұнайдың физика-химиялық қасиеттерін анықтау әдістерімен, сондай-ақ мұнайдың физика-химиялық қасиеттерін анықтауға арналған жабдықтардың жұмыс жасау принциптерімен танысты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz