6В07104 – Технологиялық машиналар және жабдықтар білім беру бағдарламасы шеңберінде 2023 жылдың 13 наурызда БҚИТУ-да «ЖайыкМұнай» ЖШС-нің қабат қысымын ұстау жүйесінің аға супервайзері Рахметуллин Ерлан Гумаровичпен «Мұнай-газ кәсіпшілігі машиналары мен жабдықтары» пәні бойынша қонақ дәріс өткізді.

Аталған іс-шараға ТМО – 31О тобының студенттері қатысты. Қонақ дәрісі білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырады және пайдалы диалог түрінде өтті. Кездесуде білім алушылар қажетті практикалық ақпарат алды.

Білім алушылар шақырылған қонаққа ынтымақтастық және олармен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. Бұл формат білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді және студенттердің кәсіби бағдарына тікелей әсер етеді деп санаймыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz