Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 27 қазан күні сағат 15:00-де облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа қадам» тақырыбында БҚО жастарының латын әліпбиін қолдау форумы өтті.
Аталмыш форумға облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов , белгілі саясаттанушы және кәсіби медиатор, ғалым Көшім Досмаханбет Қалмаханұлы, әдебиет сыншысы, балалар жазушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Тоқтарбай Елдос Нүсіпұлы және өңірімізге белгілі тарихшы ғалым Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлы, «Приуралье» газетінің тілшісі, блогер Самойлова Галина Олеговна қатысып, латын әліпбиіне көшуге байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Форум барысында жастардың түрлі өкілдері Елбасы бекіткен латын әліпбиінің жаңа нұсқасының маңыздылығына тоқталып, қолдайтындықтары туралы үндеу жариялады.
Форумды ұйымдастыруға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің белсенді студенттері қатысты.

