Тамбов мемлекеттік техникалық университетімен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде серіктес ЖОО арасындағы байланысты нығайту мақсатында  Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінде «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Ж.С Кенжина 2024 жылғы 02-07 сәуір аралығында Тамбов мемелекеттік университеті БАР-221, БАР-222 топ  студенттеріне арналған “Геометриялық денелер тобының композициясы (сәулеттік сурет)” тақырыбында дәріс оқыды. Сабақ барысында бейнені құрудың теориялық және практикалық жақтары қамтылды. “Архитектуралық сурет”пәні бойынша сызықтық – конструктивтік сызбаны жүргізу әдістері көрсетілді.

Тәжірибе алмасу білім беру бағдарламаларын сәтті жүзеге асырудың өте құнды құрамдас бөлігі болып табылады. Біз одан әрі ынтымақтастықты және үлкен нәтижелерге қол жеткізуді асыға күтеміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz