Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы заманауи жоғары оқу орны қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
БҚИТУ Салалық технологиялар институтында қазақстандық және шетелдік әріптес ЖОО-мен ынтымақтастық аясында университетке шетелдік ғалымдарды тарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, СТИ БҚИТУ профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетел университеттерінің ұтқырлық бағдарламаларына қатыса алады.
Сонымен, 2023-2024 оқу жылының 2 семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында БҚИТУ СТИ «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Байтлесов Ербулат Упиевич П.А. Столыпин атындағы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетінің 05/36/01 – «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары үшін «Жануарлардың акушерлік және гинекологиясы» пәні бойынша дәріс және практикалық сабақтарды онлайн режимінде өткізіп жатыр.
БҚИТУ профессорлық-оқытушылар құрамында академиялық ұтқырлықты одан әрі дамытудың оңтайлы перспективалары бар және оқытушылардың кәсіби дамуына айтарлықтай әсер етеді.