Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 2022 жылдың 14-қазан күні Педагогикалық, Тілдержәне менеджмент факультеттерінің эдвайзерлеріне «Оқу үрдісін ұйымдастыру және эдвайзинг жұмысын күшейту механизмі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты: Оқу үрдісіндегі жаңа бағыттарды таныстыру арқылы эдвайзер жұмысын жетілдіру. Білім алушы мен эдвайзер арасындағы байланысты нығайту.
Семинар міндеті: Эдвайзер жұмысының тиімділігін арттыру.
Семинарды ұйымдастырушы тіркеу бөлімінің меңгерушісі э.ғ.м. Кусикбаева Лаура Закариевна оқу үрдісіндегі оң өзгерістерді атап өтіп, эдвайзер жұмысының маңыздылығымен, оқу үрдісіндегі ролін ашып көрсетті.
Эдвайзер профессор-оқытушылық құрамы мен студенттер арасында тиімді өзара әрекеттесуді жүзеге асыратын, оқу жолын таңдауға көмектесетін басты тұлға болғандықтан оларға қойылатын талаптың да жоғары екендігі айтылды.
Семинар барысында тіркеу бөлімінің алдағы жұмыс бағыттары таныстырылып, көптеген ұсыныстар айтылды.
Аталған шараға қатысқан кафедра меңгерушілері мен эдвайзерлер пікір алмасып, алда атқарылатын жұмыстардың барысын пысықтады.
