Сәулет және құрылыс кафедрасының 6В07301-Сәулет, 6В07302-Құрылыс, «6В07303 – Жерге орналастыру және кадастр», білім алушыларының 2 курс студенттері Сәулет-21 тобының студенттері бүгін 7.10.2022ж. оқу орнымыздың өз ісінің маманы, инженер-геодезист Кужаев Рафис Рустамович, «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Койбагарова Лунара Толеугалиевнаның ұйымдастыруымен практикалық сабаққа қатысты. Оқытушы сабақта өз тәжірибесімен бөлісті. Осы уақытқа дейін үйренген, білгенін бізге айтып түсіндіріп, тахеометр құралымен жерді өлшеу мүмкіндігі туралы айтып көрсетті. Осы құрылғының орнықтыру табаны, нысаналы түтікшесі бар. Онымен кез келген ара қашықтықты өлшеуге болатынын білді. Лунара Толеугалиевна геодезист маманы қазіргі кезде сұранысқа ие мамандық, қала мен облыс төңірегіндегі мекемелерде қызметке тұруға болатынын, әрі табысты екенін айтып білім алушылардың қызығушылығын оятты. Студенттер бұдан нені үйренді? Біз бүгінгі практикалық сабақтан жер өлшеу әдістерін меңгердік және келешекте бізге қажетті мағлұматтарды алдық.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz