Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі БҚО Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел жұмыс жөніндегі орынбасары азаматтық қорғау майоры Қабдолов Жарас Жұмагелдіұлы шақырылып, тіршілік қауіпсіздігі негіздері және өрт қауіпсіздігі жөнінде дәріс оқыды.
Дәрістің мақсаты – студенттерді мемлекеттік өрт сөндіру қызметімен таныстыру, мекеме мамандарының тәжірибесімен бөлісу, практикалық дағдыларды білу маңыздылығы туралы түсінік беру.
Дәріскер қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі мәселелері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Шақырылған дәріскер студенттерге мекемеде өрттен қорғауды жақсарту бойынша шараларды қалай жүргізетінін және өрттің туындауымен байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайту арқылы өрттің алдын алу шараларының жүйелі түрде жүргізілетінін жан-жақты түсіндірді. Дәріс барысында студенттер осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысты, өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша ақпарат алды.

