16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасы «Дәстүрім – алтын қазынам» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді қазақ халқының бай мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың рухани тәрбиесін қалыптастыру.

Бағдарлама аясында «Бесікке салу» дәстүрі көрініс ретінде сахналанып, оның тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.

Мерекелік көңіл-күйді мол дастархан ерекше толықтырды: ұлттық тағамдардан құралған бай дастархан жайылып, барлық қонақтар дәм татып, ризашылықтарын білдірді.

Іс-шара барысында қазақ халқының ежелден салт-дәстүрге бай халық екені атап өтіліп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың маңыздылығы айтылды.

Ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіп, студенттер мен оқытушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz