07.02.2024 жылы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г. А. Жумагулова оқытушыларға «Арт-терапия әдістерімен стрессті жеңу жолдары» тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты стресспен күресу үшін арт-терапияның әртүрлі әдістерін көрсету болды. Практикалық семинар бірнеше кезеңдерде өтті және әртүрлі арт-терапия әдістерімен жұмыс істеуді қамтыды. Семинардың басында «Метафоралық шарлар» шерингі өткізілді – психологтың тренингке қатысушылармен қарым-қатынас жасап олармен  кері байланыс жасады. Бұл жаттығу қатысушыларға әңгімеге қатысуға, өз ойларымен, эмоцияларымен және тәжірибелерімен бөлісуге көмектесті. Метафоралық ассоциативті карталар (МАКарталар) өздерінің стресстік жағдайларын анықтады. Изо-терапиядан келесі жаттығу осы стрессті жеңу үшін ішкі күйзелістен сәтті шығу,  мүмкіндіктерді табуға көмектесті. Сондай-ақ, қатысушыларға стрессті саздан қалыптау және оны жеңу үшін белгілі бір манипуляциялар жасау ұсынылды. Семинар соңында қатысушылар сөйлеу креативтілігі әдісін қолдана отырып, өткізілген семинар нәтижелері бойынша кері байланыс жасады. Практикалық семинар мақсатына  жетті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz