2017 жылдың 7 наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында «Ал, қанекей қыздар» байқауы өтті. Университет ректоры Р.С.Габдуалиева байқауды өзінің мерекелік жылы лебізімен ашты. Сонымен қатар барша нәзік жандарды мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл байқауға 4 факультеттен 4 команда қатысты. Олар:

  • «Ұлы дала қыздары» командасы – инженерлік-технологиялық факультет;
  • «Огонь и вода» командасы – гуманитарлық-заң факультеті;
  • «Еуразия арулары» командасы – тілдер және менеджмент факультеті;
  • «Новая волна» командасы – педагогикалық факультет.

Қатысушы командаларға берілген тапсырмалар 4 турдан құралды:

1 тур: «Амандасу»;

2 тур: «Ас мәзірін дайындау»;

3 тур: «Би жарысы»;

4 тур: «Зияткерлік сайыс».

Мерекелік байқау өте қызықты өтті. Қатысушылар жоғары деңгейде дайындалған. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды «Огонь и вода» командасы, ІІ орынды «Новая волна» және «Ұлы дала қыздары» командалары, ІІІ орынды «Еуразия арулары» командасы иеленді. Университет әкімшілігі барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы шығармашылық табыс тілейді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz