Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Жыл сайын Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетінің тілдер және менеджмент факультеті ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтеді.

Наурыз мерекесі кафедралардың студенттері мен оқытушылары әзірлеген мерекелік дастарханнан дәм татудан басталды. Факультеттің оқытушылары мен студенттері наурыз көжесі мен ұлттық тағамдардан дәм татып, факультет деканы Ж.Ж.Жұмаев мерекелік дастарханға өз батасын берді.

Мерекелік шара театрландырылған концерттік  бағдарламамен өз жалғасты.  Наурыз мерекесіне профессорлық – оқытушылық құрам мен студенттерді айтулы мерекемен университет ректоры Р.С. Габдуалиева  және Ресейдің Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлы университерінің профессоры И.Ф.Суханова құттықтады.

Бағдарламада қазақ халқының «Құда түсу», «Қыз ұзату»,  «Беташар», «Бесікке салу» сияқты салт-дәстүрлерінің және жақында тұсауы кесілген “Eurasia Show” студенттік театрының қойылымдары көрсетілді. Сонымен қатар көңілді әндер шырқалып, қазақтың күйлері ойналды және ұлттық билері тамашаланды. Мерекенің келесі кезеңінде кір тасын көтеру және қол күресі  сияқты спорт түрлерінен жарыс оздырылды. Тілдер және менеджмент факультетінің ұжымы сайтымыздың қолданушыларын Наурыз мерекесімен құттықтайды!!!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz