Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде 23 ақпан күні филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бекмашева Ақтоты Нығметқызымен « Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері ұйымдастырды.
Мерей той иесі өзінің ұстаздық жолдағы еңбегі және студенттік жылдардың қызығы мен қиыншылығынан сыр шертті. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тамаша сырласу кеші болды.
Мерей той иесін құттықтау үшін сөз алғандар: Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультетінің деканы, профессор Б.С.Джумакаева және филология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент М.Қ.Ажгалиев, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Р.С.Кинжекова, т.ғ.к., доцент Р.Л.Абдрахманова, жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі Р.М.Бакесова, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент А.М.Балықова.
Кеш барысында өлеңдер оқылып, әндер айтылып мерей той иесіне естелік сыйлықтар табыс етілді.

