2022 жылдың 17 наурызда «Самал» облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слеті өтті. Аталмыш шара балалар мен жастарда өскелең ұрпақтың мүдделері мен игілігі үшін табысты ынтымақтастық орнатып, рухани дамуына және экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слетына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогика факультеті Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушылары, магистр Дауесова Айжан Жанғазықызы «Өшпес жұлдыздар» номинациясы, магистр Бұйрашева Анжела Серікқызы «Салт-дәстүр, әдеп-ғұрып» номинациясы және Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Ислямов Руслан Сейлханұлы «Туризм – спорт, денсаулық, демалыс» номинациялары бойынша қазылық етуге шақырылды.

Слет соңында «Самал» балалар және жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғ.Бекқалиев Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушылары, тарих магистр Дауесова А.Ж., педагогика ғылымдарының магистрі Бұйрашева А.С. және экономика магистрі Р.С.Ислямовқа алғыс хат табыс етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz