2022 жылдың 30 наурызы күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогикалық факультетінде әйелдер күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері Екатерина Ларионованың студенттермен кездесуі өтті. Кездесуді университет проректоры Абекешов Аянбек Иманбайұлы жүргізді.

Шара барысында спортшының өмірі мен спорттағы жетістік жолы туралы бейне ролик көрсетілді. Тағылымды кездесуге университеттің «Дене шынықтыру және спорт», «Құқық қорғау қызметі», «Тарих», «Қаржы» және басқа да мамандықтарының білім алушы студентттері қатысты.

Кездесу барысында қонақ әр адам бойындағы елге, Отанға деген сүйіспеншілік отбасындағы тәрбиеден, ата-анаға құрметтен, бауырмалдықтан басталатындығын айтты. Белгілі спортшы студенттерге өмірде жетістікке жету үшін алға мақсат қойып, сол мақсат жолында табанды еңбек етудің жеңіске жету екендігін түсіндірді. Адамды адал еңбек биікке жетелейтінін кеңірек әңгімеледі.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің проректоры Абекешов Аянбек Иманбайұлы құрметті қонаққа оқу орны атынан алғыс білдіріп, естелік сый кәде ұсынды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz