2022 жылдың 24 наурызында «Экономика және менеджмент» кафедрасының білім беру бағдарламаларын талқылау бойынша академиялық комитет өкілдерімен 6В04102-Экономика, 6В04103-Менеджмент, 6В04104-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04107-Экономика және менеджмент (салалар бойынша) бакалавриат білім беру бағдарламалары және 7М04102 – Экономика магистратура білім беру бағдарламасы бойынша кездесу өтті.
Кездесуге академиялық комитет өкілдері: кафедраның ПОҚ, жұмыс берушілер, білім алушылар қатысты. Атап өтер болсақ: Ш.Д. Махмудова – «Шағын бизнес орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы, Р.Ж. Еркеғалиева – «Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Өңірлік даму және мониторинг бөлімінің басшысы, И.Е. Джазықбаев -«Орал қаласы әкімінің аппараты» ММ Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы, М.Б. Дергалиева – Сертификация орталығы «Ұлттық стандарт» ЖШС басшысы, А.К. Жуманьязова – «Чеботарев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округінің әкімі, С.Ө.Жолдығалиев – «Подстепный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары, С.Х.Кабесова -«QazStroyKompany» ЖШС директоры, С.И.Жубаева – Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы.


Талқылау барысында «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі М.А.Мансурова білім беру бағдарламаларының мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен таныстырды. Жұмыс берушілер мен қатысушылар баяндаманы үлкен қызығушылықпен тыңдап, білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша өз ұсыныстарын енгізді.
Талқылау нәтижесінде оқытушылар академиялық комитет мүшелеріне білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде ескерілу тиіс ұсыныстары үшін алғыстарын білдірді.