«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4-маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Ұлттық-мәдени құндылықтардың ығысып, жаһандық құндылықтардың маңызы артқан кезеңде жастарды патриотизмге тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттілігі туындайды. Рәміздер жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Рәміздерді құрметтеу – елді құрметтеу. Отанымыздың келешегі үшін бұл – үлкен серпін беретін күш, жастарымыз, үшін бұл – үлкен мақтаныш.
Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу мақсатында 2025 жылғы 4-маусымда Орал қаласында жалпы Республикалық деңгейде Мемлекеттік Ту көтеру рәсімімен бір мезгілде Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Аталған шараға университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.