31 мамыр Қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында 2025 жылы 29 мамыр күні СТИ Жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Қ.Б. Қайыржанов КХА Ғылыми сараптамалық тобымен , Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен, құрылымдық өкілдерімен бірлесіп,, Қаратөбе мен Сырым ауданындарындағы Қаратөбеде Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейі мен Сырым Датұлы атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасалды. Аталмыш экскурсия аясында Алаш тақтасына гүл шоқтары қойылып, Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде сол ауданының белгілі тарихшыларымен, қариялармен кездесіп, дөңгелек үстел өткізілді.


