Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің “Құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша Департаментіне барды. Кездесудің негізгі мақсаты-студенттер арасында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Департамент қызметкерлерімен кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспары түсіндірілді, ол Президенттің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген.

Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қажет. Халық өз құқықтарын, нақты жолдарын, оларға қарсы қандай да бір құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпымемлекеттік саясат жүргізу, сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның мемлекет пен азаматтар өмірінің барлық салаларындағы көріністерін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына деген сенімін нығайту болып табылады.

Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты сұрақтарына жауап алды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz