2024 жылдың 14 қараша күні «Кәсіби педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберлік қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы «Сапа апталығы – 2024» шарасы аясында Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары А.Е.Жумасейтова, А.М.Сатыбалдиева, А.М.Ғарифолланың ұйымдастыруымен 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына арналған «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде арт-терапияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның мақсаты – арт-терапияны мектепке дейінгі мекемелерде қолданудың тиімділігін көрсету және оны тәжірибеде қолдану.
Семинар-практикумға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен 6В01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4-курс білімалушылары қатысты.
Семинар-практикумның теориялық бөлімінде магистр,аға оқытушы А.Е.Жумасейтова мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын арт-терапияның түрлері және оны қолданудың маңызды аспектілері туралы баяндаса, практикалық бөлімде магистр, аға оқытушы А.М.Ғарифолла мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған “Art-day” шеберлік сыныбын, магистр, аға оқытушы А.М.Сатыбалдиева бейнелеу терапиясы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларға арналған “Мақта таяқшалары” және “Саусақпен сурет салу” әдістері бойынша практикалық жұмыстар жүргізді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімінің №9 “Еркемай” бөбекжайы МКҚК педагог-сарапшысы А.М.Шадиярова саз терапиясы бойынша «Құмыра жасау» шеберлік сыныбын өткізді. Семинар-практикум соңында қатысушылар “Айфон” әдісі, сөйлеу креативтілігі әдісін қолдана отырып, семинар нәтижесі бойынша кері байланыс жасады. Теория мен практиканың байланысы үйлесімді қолданылған семинар-практикум жоғары деңгейде өтті.


