2024 жылғы 13 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін «Үлкен деректерді талдауға арналған деректер базасы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәрісті онлайн форматта техника ғылымдарының магистрі, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы, Ұлжан Болатқызы Құсайынова өткізді.

Дәріс реляциялық (MySQL, PostgreSQL ,acacle) және реляциялық емес (MongoDB, Redis) жүйелерді қоса алғанда, үлкен деректерді сақтау үшін дерекқорларды жобалау мен пайдаланудың негізгі аспектілерін қарастырды. Сондай-ақ, Data Warehouse және Data Lake сияқты технологияларды қолдана отырып, үлкен деректерді жинау және сақтау әдістері талқыланды.

Дәріс студенттерге үлкен деректермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері мен құралдары туралы пайдалы ақпарат берді, бұл студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды. Алынған білім олардың әрі қарайғы оқуы мен кәсіби қызметінде пайдалы болады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz