2024 жылдың 14 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі – кәсіби педагогикалық іс әрекет» тақырыбындағы «Сапа апталығы – 2024» шарасы аясында «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушысы Жанат Амангосовна ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы БҚО филиалының директоры Лаула Жанатовна Нарушевамен бірлесіп 6В04104-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04106-Қаржы білім беру бағдарламаларының студенттеріне «Мемлекеттік қызмет саласындағы дамуды оңтайландыру» тақырыбы бойынша ашық тәжірибеге бағдарланған семинар өткізді. Семинарда Лаура Жанатовна білім алушыларға мемлекеттік қызметке кіру жолдары мен жаңа бағдарламалардың артықшылықтарын түсіндірді. Іс-шара соңында студенттер белсенді сауалдар қойып, пікірталастарға қатысып, пікір алмасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz