Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасымен 2022 жылдың 16 ақпан күні математика және информатика пәндері бойынша қазақ және орыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында қалалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Олимпиадаға әр мектептен математика, информатика пәндері бойынша 7 оқушыдан командамен қатысқан болатын, атап айтатын болсақ №44 МГ, №30 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, №9 ЖОББМ, №21 ЖОББМ, №39 ЖОББМ, №6 ЖОББМ, №17 ЖОББМ, №2 ЖОББМ, №28 МЛ, №46 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, №27 МЛ, №41 МЛ, №44 ЖОББМ, №34 МГ, №43 ЖОББМ, №38 МЛ, №10 ЖОББМ , №22 ЖОББМ, Вальдорф бағытындағы МГ-ның оқушылары қатысқан болатын.
Жеңімпаз командалардың мүшелеріне Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университете оқуға түсуде 1-ші оқу жылына 25, 20, 15, 10 пайыз жеңілдіктері бар сертификаттар және дипломдар табысталды.
Қатысушы әр мектептің математика және информатика пәндерінің мұғалімдері олимпиадаға оқушыларды дайындағандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.

