2023 жылғы 10 мамырда БҚИТУ БМФ «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» 6В11201 ББ 3 курс студенттері «MBAServicekz» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының бас инженері Макишев Марат Мұхитұлымен кездесті.

Өндіріс маманы «Өрт профилактикасы және қауіпсіздік» тақырыбында дәріс оқыды, онда студенттерге өрт профилактикасы деген не екенін егжей-тегжейлі түсіндірді, өртті сәтті сөндіру шарттары, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтты. Білім алушылар қолданыстағы өрт қауіпсіздігі белгілері, түрлері, мөлшері, жалпы техникалық талаптары туралы ақпарат алды.

Дәріс өте қызықты және өзекті болды және жоғары білікті деңгейде өтті. Дәріс соңында білім алушылар тақырып бойынша белсенді сұрақтар қойып, толық және жан-жақты жауаптар алды, сондай-ақ көтерілген мәселелер бойынша белсенді пікірталастар жүргізілді.

Орал қаласындағы «MBAServicekz» ЖШС-нің ЕҚ және ТБ жөніндегі маманы бас инженері М.М. Макишевке осы ұйымда 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр, ЖОО-ның білім беру процесіне қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz