2023 жылғы 23 сәуірде №20 ЖОМ 11-сынып оқушылары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесуі өтті. “Көлік және технологиялар” кафедрасының т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Лариса Алексеевна Чурикова мектеп оқушыларымен кездесу кезінде ЖОО туралы, БҚИТУ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындайтынын және университеттің білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Оқушылармен кездесу барысында оқытушы болашақ мамандықты таңдау мәселесін талқылап, техникалық бағытты таңдауға баса назар аударды және кафедраның 6В11301- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», 6В07104 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» (салалар бойынша)” білім беру бағдарламалары туралы ақпараттар берді.