“Ер есімі – ел есінде сақталады„ – дейді дана халқымыз. Жеңіс күні – еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. 5 Мамыр күні осы Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, соғыста қаза тапқан,соғыстан аман-есен жеңіспен оралған ата-әжелерімізге,тылда еңбек етіп,Жеңіс үшін тер төккен тыл ардагерлеріне тағзым ету мақсатында «Сәулет»мамандығының 1курс студенттеріне қысқаша мәліметтер беріліп,гүл шоқтары қойылды.
Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы отан соғысын еске алудың өзі ауыр. Қан мен жаны бір арнада болса да, ойланбастан елі үшін өзің құрбан еткен сол соғыстағы ата – әжелеріміздің ерлік істері мәңгі өлмейді.
Биыл жеңіс туының желбірегеніне жетпіс сегіз жыл толады. Ардақты ардагерлерімізге қанша алғыс айтсақ та сол кезде көрсеткен бір еңбегін де өтей алмағанымыз анық. Тәңірдің бізге берген сыйы дейміз ау, дегенмен жеңіске деген жолда қанша батыр аталарымыз басын бәйгеге тікті! Бар асылынан бас тартты, арманы ұлы отан соғысында өз ерлігін көрсету, елі үшін жаның беру.