2022 жылдың 7 қараша күні «Көлік және технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мамандығым менің мақтанышым» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Кездесуді ұйымдастырудың негізгі мақсаты, 6В11301 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В07104 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс берушілер БҚОФ ЖШС «Қазақавтожол»; «AstanaRailwayServices» ЖШС филиалы «Орал вагон жөндеу депосы»; Полиция бөлімі ППБ; ЖШС «ЖайықЖолҚұрылыс»; ЖШС «Жайықмұнай» жұмыс берушілермен студенттерді кездестіру, практика базаларымен таныстыру, пікірталас арқылы мамандыққа бағытталған сұрақтарына жауаптар алу, мамандықтың қыр-сырын терең меңгеру.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz