2022-2023 оқу жылының 1 семестрінде инженерлік-гуманитарлық факультетінің мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы Жумагалиева Гульмира Жаксыгалиевна Орал қаласының №46 жалпы орта білім беру мектебінде, №44 мектеп – гимназиясында және №28 мектеп – лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында білім алушыларға жарнамалық буклеттер таратылды, ЖОО түсу шарттары түсіндірілді, БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің білім беру бағдарламалары, ЖОО-да оқу шарттары сипатталды; ер балаларға жеке әскери кафедраға түсу туралы мағлұмат берілді және т.б.
Білім алушылар грант алу, оқу ақысын төлеу шарттары бойынша сұрақтар қойды.
2022-2023 оқу жылында №46 жалпы орта білім беру мектебінің директоры-Сатдыкова Ибагуль Наримановна, 48 білім алушы қазақ тілінде, № 44 мектеп – гимназиясы: мектеп директоры-Тілекенова Бибігүл Сауровна, мектепте 74 білім алушы, қазақ тілінде, № 28 мектеп-лицейі: мектеп директоры – Амандаулетова Ақтолқын Қайырханқызы, мектепте орыс тілінде оқитын 33 оқушы бітіреді
Орал қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоғары деңгейде өтті. Барлық болашақ мектеп түлектеріне оқуда сәттілік пен табыс тілейміз!

