Кітапхана –ұлттың ұстыны, парасаты, баға жетпес байлығы. Кітапханасына қарап елін тануға болады, кітап қорына қарап білім ордасын тануға болады.
Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаев: «Кітапхана мәңгілік парасаттың киелі мекені, ал кітапханашылар ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары» дегені белгілі. Кітапхана мен кітапханашыға қойылар талапты, артылар жауапкершілікті абыроймен атқарып келе жатқан кәсіп иелері бар.
Уақытпен ілесіп жұмыс жасау, оқырмандардың сұранысын орындау, рухани мұралар мен тарихи тұлғаларды насихаттау- кітапханашылардың сындарлы қызметі. Міне, осы мамандық иелерінің еңбектері бағаланып, ҚР Үкіметінің 18. 10. 2022 жылға № 833 қаулысымен 24 қазан – Кітапханашылар күні болып белгіленіп, кәсәби мерекелер қатарына қосылды.
Бұл хабарды үлкен ықыласпен қарсы алған университет ұжымы да өз кітапханашыларына құрмет танытты. Батыс Қазақстан инновациялық –технологиялық университетінің ректоры Б.Т.Шакешевуниверситет кітапханашылармен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтап,алғыс хат табыстады.
«Шын мәнінде сарқылмайтын бір ғана қазына бар – бұл кітапхана» деген Пьер Буаст.Сол сарқылмайтын қазынаның тұтынушысы оқырман болса, ұсынушысы кітаханашы. Міне осы екеуінің арасында тартылыс күші жоғары болса кітапхана жұмысының жолға қойылғаны.Төл мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі кітапханашы әріптестер!
