Кездесу барысында студенттер кафедраның қызметімен, білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, білім беру бағдарламаларының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ университеттегі оқу талаптары мен ережелерімен таныстырылды. Оқытушылар студенттерге оқу, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметпен айналысу, түрлі жобалар мен кафедра іс-шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Студенттердің университет ортасына бейімделуіне ерекше назар аударылды. Бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алып, кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, бірінші курс студенттерінің кафедрамен танысуына және университеттік өмірге сәтті бейімделуіне бағытталған маңызды іс-шара болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz