Мамыр айының 15 күні Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан Мұнайшылар, газшылар мен геологтардың Даңқ аллеясына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В07201 Мұнай-га ісі кафедрасының эдвайзері аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі Серікова Данагүл Досжанқызы 2 курс НД-21О топ білім алушыларымен экскурсияға барды.

Аллеяның ішінде Қазақстандағы алғашқы геологтарға арналған ескерткіш бар . Кіре берістен ескерткішке дейін гүлзарлар орналасқан. Аллеяның екі жағында М.Б. Иқсанов пен В. И. Подяблонскийдің бюсттері, А. Оразаевқа, А. Жарылғасовқа, С. Камаловқа және С. Лапшинге арналған мемориалдық тақталар, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының ірі кен орындарының сипаттамасы алтын әріптермен жазылған екі гранит тақтайшалар орналасқан.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz