Салалық технологиялар институтынын мұнай-газ инженериясы кафедрасының әдістемелік семинар жоспары бойынша қазан айында профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен кезекті: «Студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы заманауи технологияларды қолдану» атты әдістемелік семинарын техника ғылымдарының магистрі Манас Қайратұлы өткізді.

Әдістемелік семинар мақсаты білім алушылардың бүгінгі таңдағы функционалдық сауаттылық деңгейіне зерттеу жасап, болып жатырған мәселе салдарына, жеке тұрғыдан себептер іздеу және де білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолындағы бүгінгі заманауи технологияның, мейлінше ұтымды жағын қарастырып, бес қадамы ұсынылды. Білімді ұрпақ – біздің ертеңіміз. Ұлы педагог Мағжан Жұмабаев сенген жастар болуымыз үшін, дамыған елдермен теңдей дәрежеде, бірдей тұғырда орналасуымыз, бәсекеге қабілетті бола білуіміз үшін алдыңғы шарттардың бірі, осы – функционалды сауаттылық.

Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзімен қорытындылай келе – «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады».

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz