«Мәңгі жаса, қыран елім — Қазақстаным!». Дәл осындай атаумен  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтының акт залында Республика күніне арналған  мерекелік салтанатты кеш өтті. Шара басында университет ұжымына ұлттық мерекенің тарихы туралы бейнефильм көрсетіліп, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мерекелік құттықтауы жолданды.

Салтанатты жиында университет ұжымын Республика күнімен құттықтаған ректор, қауымдастырылған профессор Б.Т. Шакешев тарихи мерекенің өскелең ұрпақты патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеудегі маңызын атап өтті. Бұдан соң университеттің бір топ оқытушылары ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау грамотасымен, Батыс Қазақстан облысы әкімінің және Орал қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ оқуда да, қоғамдық өмірде де белсенді бір топ студент ректордың алғыс хатын иеленді.

Республика күніне арналған апталық мерекелік концертпен түйінделді. Жалпы, апталық барысында университет институттарында профессор-оқытушылар құрамының және студенттердің қатысуымен түрлі бағыттағы ғылыми, мәдени және спорттық шаралар оздырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz