6В07201 – «Мұнай газ ісі» БББ бойынша 2 курс білім алушылары 2023 жылдың 14 сәуір күні БҚО-ның Орал қаласында орналасқан Мәншүк Мәметова атындағы мұражай үйіне экскурсияға топ эдвайзерлері Данагүл Досжанқызы, Тойған Насипкалиевнаның жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді.

Бұл мұражайдағы ең маңызды экспонаттар – Кеңес Одағының батыры Мәншүктің хаттары мен күнделіктері, оның суреттері мен кітаптары. Оларды батыр қыздың анасы мұражайға сыйға тартқан. Экспонаттар арасында Мәншүктің аты жазылғанған қамшы да бар. Мұражайдың ауласында жас батырдың мүсіні орналасқан, сондай-ақ Орал қаласы Кеңес Одағының батыры есімі берілген көшеде Әлия, Мәншүк, Хиуаздың ескерткіші тұр. Бұл экскурсияның тәрбиелік мәні 2 курс білім алушыларына үлкен әсер берді.

Тәуелсіз еліміздің арулары Әлия, Мәншүк, Хиуаздың ерлігімен біз мақтан тұтамыз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz