2025 жылдың 5 мамырында, Жеңіс күні қарсаңында, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында кураторлық сағат аясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған еске алу іс-шарасы өткізілді. Жиынның басты ұраны ретінде Жеңісті жақындатқан майдангерлердің ерлігіне тағзым белгісі ретінде «Мы помним. Мы гордимся» сөздері таңдалып алынды. Іс-шара Орал қаласының Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр тұрғындарының өмірбаянымен басталды. Студенттер Галина Сергеевна Трофимова-Калинушкина; Борис Сергеевич Шолубай; Қасым Жанғалиев сынды соғыс ардагерлердің ерліктері туралы баяндады. Келесі кезеңде студенттер жазушы Борис Васильевтің «Сашка» атты әсерлі әңгімесін оқыды. Бұл шығарма солдаттың рухани күші мен соғыстың ащы шындығын шынайы түрде көрсетті.
Іс-шараның «поэзия блогы» бөлігінде студенттер соғыста ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алуға арналған жыр жолдарын ортаға салды.

