1993 жылы 12 қараша күні ҚР президентінің «ҚР ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға шықты. Қазіргі таңда ұлттық валюта – егемендіктің нышаны, тәуелсіздіктің бірден бір белгісі.
Жыл сайын 15 қараша күні педагогикалық факультетінде бұл мереке аталып өтіледі. Биыл да осы мереке күні студенттердің қатысуымен факультетімізде мерекелік шара өткізілді. Бағдарламада көптеген юморлық номермен қоса би биленіп, әндер айтылды. Осы мерекеге белсенді атсалысқан «Қаржы» мамандығының 1 курс студенттерін ерекше атауға болады.
Мерекелік шараға педагогикалық факультетінің деканы Джумакаева Баян Сабировна, тәрбие ісі жөніндегі проректор Абекешов Аянбек Иманбаевич шақырылды.
Университет әкімшілігі осы атаулы мерекемен барлығыңызды құттықтайды.



