729_486_560d101307d83

25 қараша күні Н.К.Крупской атындағы Орынбор облыстық әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Еуразия халықтарының одағы» АКҰ-ның ұйымдастыруымен «Достастық елдері үшін беловеж келісімінің тарихи сабағы» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Бұл конференция Беловеж келісімінің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел тақырыбын АКҰ «Еуразия халықтарының одағы» төрағасы, Орынбор мемлекеттік университетінің тарих  және Оңтүстік Орал этнографиясы ҰЗО  директоры, профессор, тарих ғылымдарының докторы В.В.Амелин белгіледі.

Алыс-жақын шет елдерден шақырылғандар арасында жерлесіміз, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті атынан Тарих және әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Сидахметов Серік Елтайұлы қатысты. Ол «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Ресейдің тарихи өзара байланысы: тәжірибе, дәстүр және келешек» тақырыбында баяндама жасады.

img_20161125_125706%d0%ba%d0%be

Талқылауға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келгенсарапшылар: Орынбор областық вице-губернаторы Дмитрий Кулагин;  РФ Мемлекеттік  Думасының депутаты, ТМД комитет мүшесі Юрий Мищеряков; Өзбекстанның Демократия және адам құқығы институтының директоры Сайёра Ходжаева; Қазақстанның экология, инженерлік және педагогика халықаралық ғылым академиясының гендиректоры Талгат Туремуратов; Кыргызстаннан келген саясаттанушы, Республика Генштабаның кеңесшісі Токтогул Какчекеев; Орынборлық белгілі әлеуметтанушылар Шешукова Галина мен Амелин Веналий сонымен қатар заңгер-халықаралық саясат білгірлері, тарихшылар және ұлттық диаспора жетекшілігі қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz