2016 жылдың 28 қазан күні «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде «Студенттік жастар арасындағы қылмыстық әрекеттердің алдын алу» атты кездесу өтті. Кездесуге Орал қаласының ІІД Абай полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, лейтенант полициясы Халиолла Айнур Нурланқызы, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Сағатова Гүлнұр Аманғалиқызы, инженерлік-технологиялық факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Жанияров Кабибулла Кенжеұлы және 1 курс студенттері қатысты. Кездесу бырысында аталған қонақтарымыз студенттік жастар арасында түнгі демалыс клубтарында және қоғамдық жерде қандай қылмыстық әрекеттер жиі пайда болытынын атап кетті. Студенттер кездесуге белсенді қатысып, сұрақ қойып, жауаптар алды.

