6,7 және 8 қарашада БҚИТУ мен БҚО полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін “Криминалистика” пәні бойынша ЮР-31О, ЮР-32О, ЮР-35О топтарына ПД жедел-криминалистикалық бөлімшесінде тәжірибеге бағдарланған сабақтар өткізілді. Білім алушыларға тәжірибелік сабақты ЖКБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі К. К. Мухамедьяров, ЖКБ криминалисті полиция капитаны Т. Б. Насыров, құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Т.Х. Рахметов қатысты.

Сабақ барысында білім алушыларға ЖКБ жылжымалы криминалистикалық зертханасы, оның мақсаты, жарақтандырылуы және қала мен облыс аумағында жасалған ауыр қылмыстар бойынша оқиға орнында криминалист мамандардың қолдануы көрсетілді. Осы ббасқарманың қызметкерлері одорологиялық зертхананы, қызметтік иттерді қолдана отырып, фильмді көрсете отырып, айқын емес қылмыстар бойынша күдіктілерді анықтаған кезде практикалық қолдануды көрсетті.

Криминалистер студенттерге атыс қаруын, мылтық қаруын ату кезінде баллистиканың практикалық қолданылуын, оқиға орнында табылған оқтар мен патрондардан, суық қарудан оқтар мен гильзаларды зерттеуді түсіндірді және көрсетті. Сонымен қатар, іздеудегі адамдардың фотопортреттерін қалыптастыру кезінде габитоскопияны практикалық қолдану және сот-медициналық есепке алу бойынша жұмыс көрсетілді. Оқу полигонында арнайы криминалистикалық құралдар мен техниканы қолдана отырып, күдіктінің саусақтарының, аяқ киімдерінің және автокөліктің іздерін табу, бекіту және оқиға орнынан алып қою тәртібі көрсетілді.

Білім алушыларға жедел-криминалистикалық басқармасының және оның қызметкерлерінің қалыптасу тарихы, практикада жаңа ғылыми жетістіктерді қолдану, қылмыстың түрлі іздерін табу, бекіту және алып қою бойынша ашық жерлерде түрлі ауа-райы жағдайларында оқиғалар болған жерлерде криминалистердің жұмысы туралы фильмдер көрсетілді.

Полиция офицерлері К.К.Мухамедьяров пен Т.Б.Насыров білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz